Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Бокстан ұлттық құрама бапкерін атып кетті

Бішкекте бокстан ұлттық құрама жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиев пен оның көмекшісін атып кетті. Бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген,  деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қырғызстан ІІМ-нің мәліметінше, жуырда ғана қамаудан шыққан бұрынғы төреші Мұқаш Ырсалиев Жылдызбектен кек алу үшін келген. Залдағы кездесу кезінде Мұқаш «Сайга» қаруымен жаттықтырушы мен көмекшісіне оқ атқан. Кейін қолындағы қаруын алуға тырысқан кезде, шабуылдаушының өзіне оқ тиіп, мерт болды. Атыс кезінде залда жаттығып жүрген балалар да болған.

Аталған факті бойынша Бішкек қаласы Октябрь ауданы ІІБ тергеу қызметі Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады

admin_qazyr

Мүфтият: “Квадробер” болу – шариғатқа қайшы

redaktor_qazyr

Сахнада боқтық сөз айтқаны үшін Қайрат Нұртасқа айыппұл салынды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz