Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қарағандыда ер адам 17 жастағы жігітті ұрып тастады

Қарағандыда ішімдік ішкен тұрғын автобус жолаушыларына тиісіп, 17 жастағы баланы соққыға жвқты, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 10 қазанда кешкі уақытта қаладағы автобустарының бірінде 27 жастағы мас адам мен жолаушының арасында жанжал туындаған. Автобус жүргізушісі екеуін де қоғамдық көліктен түсіруге мәжбүр болды.

Автобустан шыққаннан кейін олардың арасындағы жанжал соңы төбелеске ұласқан.

27 жастағы ер адам 17 жастағы жігітті соққыға жыққан. Жігітке медициналық көмек керек болған. Патрульдік полиция экипажы оқиғаға қатысушылардың анықтады. 27 жастағы тұрғынды қалалық бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізген.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

admin_qazyr

Ел экспортының 35%-ын шикізаттық емес тауарлар құрайды

admin_qazyr

Қазақстанда пациенттердің медициналық деректерін сақтау мерзімі белгіленеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz