Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Жас-жұбайға тілек

  • Қымбатты жас-жұбайлар! Бұл өмірде адамдардың бір-бірін, өздерінің махаббатын табуы өте маңызды! Бұл бақыттың да сендерге бұйырғанына қуаныштымын. Екеуіңді махаббат кездестірді! Сендерді бүгінгі үйлену тойларыңмен, қуаныштарыңмен, махаббаттарыңмен, жаңа өмірлеріңмен құттықтаймын! Сендерге ұстасқан қолдарыңды берік сақтауға көмектесетін, барлық қиындықты жеңіп шығатын адал махаббат, шыдамдылық пен кішіпейілділік тілеймін. Бір-біріңді түсініп, бір-біріңді кешіре біліңдер! Бақытқа, қуаныш-шаттыққа толы ұзақ күндер тілеймін. Күндерің жарқын, берекелі, мерекелі болсын, үйлерің бала-шағаға толсын!
  • Сүйікті де, қымбатты жас-жұбайлар бүгінгі үйлену тойларыңмен құттықтаймын! Бір-біріңді жақсы көріп, отбасылық өмірдің қиындықтарына түсіністікпен қарай біліңдер. Үйлеріңде жайлылық пен тыныштық, мейірімділік мен түсіністік орнасын. Қарым-қатынастарың жылдан-жылға күшейе берсін, махаббат жалыны ешқашан сөнбесін.
  • Құрметті жас-жұбайлар! Сендерді өмірлеріңдегі осынау маңызды оқиғамен құттықтағым келеді. Сендерге тілерім көп. Бір-біріңе деген қазіргі сезімдеріңді сөндірмей, өмір бойы сақтап жүріңдер. Бір-біріңе қамқорлық көрсете отырып, махаббаттарыңды қорғай біліңдер. Қиындыққа мойымай, бір-біріңе қолдау көрсетіңдер. Кез келген жағдайда бір-біріңе тіреу болып, шаңырақтарыңның, некелеріңнің беріктігін сақтаңдар!

Ұқсас жаңалықтар

Мен не үшін бизнес ашқым келеді?

redaktor_qazyr

Жол кептелісі кезінде не істеуге болады?

Redaktor Site

Ас үйге қажетті кеңестер

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты