Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Жас-жұбайға тілек

Құрметті отау иелері, сендерді бүгінгі шаңырақ көтеріп отырған атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Осы ауылдың беделді, сыйлы, үлгілі отбасы болуларыңды шын жүректен тілеймін! Махаббаттарың баянды, өмірлерің бақытқа толы болсын! ********** Бақыт адамның басына бірден қонбайды. Бақыт ең бірінші адамның аяғына қонады. Оны көтере алған адам көтереді. Көтере алмаған адам жүре алмай қалады. Одан кейінгі бақыт адамның аузына қонады. Оны көтерген адам көтере алады. Ал көтере алмайтын адамның аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады дейді. Одан кейін бақыт адамның көз жанарына қонады. Оны көтермеген адамның көзін шел басып, қасындағы жақындарын көрмей қалады дейді. Ал одан кейінгі бақыт адамның басына қонады. Бұдан менің айтқым келіп тұрғаны – бастарыңа да тек бақ қонсын!

Ұқсас жаңалықтар

Түс пен мінез

Redaktor Site

Денсаулығыңызға арналған 5 кеңес

Redaktor Site

Нәресте неше жасқа дейін омырау сүтін ішуі керек?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz