Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Жас-жұбайға тілек

Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын. Ал жас жұбайлар, құрған шаңырағыңның босағасы берік болсын! Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», — деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар! Өмір сүрудің екі негізі бар екен: Біріншісі – үйретуден аянба, екіншісі – үйренуден жалықпау. Міне, осы қағиданы басшылыққа алыңыздар. **************** Аяқ екеу, қол да екеу, Көз дегенің – ол да екеу. Екеу және құлақ та, Жүрек жалғыз бірақ та. Сондықтан да сол жүрек күйіп, жанып, өртеніп, естісін деп лебізін іздейді екен серігін — дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Балаларға арналған ойындар

Redaktor Site

Киімдегі түйіршікті қалай кетіреміз?

Redaktor Site

Жүзім қатерлі ісіктің алдын алады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz