«Банда жайлаған қала»дегенге мән бермеген едім.Диас Нұрақын Талғардағы жағдай туралы айтты,деп хабарлайды Qazyr.kz.
«Талғардағы криминалды ахуал тым ушығып кеткен екен. Бұған дейін тик-токтағы “банда жайлаған қала” деген роликтерге онша мән бермегем. Бірақ бір үйдің баласын өлтіріп, артынша үйін өртеу тек криминалды топтардың қолынан ғана келетін қылмыс. Қарапайым адам саналы түрде сериялы қылмысқа бармайды. Сондықтан Талғарды қылмыстық топтардан тазартатын уақыт жетті.
Бірақ ол жергілікті полицияның қолынан келмейді. Өйткені олар бандамен бір “волнада” болуы мүмкін. Сол себепті бұл жағдай аудандық, облыстық деңгейден шығып республикалық масштабта талқыланып жатыр. Қазір Бас прокуратура жедел тергеу тобын құрып, ең әккі із кесушілер мен жедел уәкілдерін Талғарға жіберді. Олар марқұм Шерзаттың шаңырағына қасақана от қойғандарды жердің астына кіріп кетсе де суырып алады деп сенемін. Тіпті қылмыстық топқа қамқорлық жасап жүрген ықпалды адамдарға да тықыр таянды. Тек бір екі бұзықты ұстап қамағанмен қоғамның ашуы тарқамайды. Сондықтан тамыры тереңге жайылған топтың мүшелері түгел жазаланады.
Ал, қарапайым халық ашуға беріліп арандап қалмаса болды. Самосуд жасаймын деп жаза баспаса екен ешкім. Өйткені бір сәттік ашу бүкіл өміріңді талқандайды. Астанадан келген арнайы топ Талғарды тазалап, бұл резонансқа “точка” қойып кетеді деп сенемін. Бірақ халықтың талап-тілегін ескеріп, тергеу туралы ақпаратты ашық жариялап отырулары керек. Құпия, айтуға болмайды деп жасырған сайын жұрт арасында күдік көбейе береді.»,-деді ол.