Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Сүндет тойға тілек

Баланың сүндетке отыруы – оның азаматтыққа апарар жолға қадам басуымен тең. Сүндет – пәктіктің, тазалықтың, мұсылмандықтың белгісі. Сүндетке отырған баланың нағашылары оған нағыз азамат болдың ғой деп тай мінгізетін болған, ата-апалары түрлі базарлығын сыйға тартқан.

 

Той төресі – сүндет той: ата-анаға міндет қой! Үлкен міндет атқарып, ата-анасы шаттанып, арамызда күлімдеп, бастарына бақ дарып, бар көңілін ақтарып отырған бір жайы бар – маңдайында айы бар: жарқыраған баласы – болашағы, панасы! Бір қуанды әкесі, бір қуанды анасы – атқа қонған баласы, айға қонған санасы! Құтты болсын қуаныш, өссін елдің данасы!

 

Сүндет тойы баланың құтты болсын! тезірек ер жетіп, имандылықты бойына сіңіріп, өскен елінің айтулы азаматы бола берсін!

 

Жасыңды санап қарасам – биылғы жыл бестесің,
Зейнет тепті парымдап тепкішектің кестесін.
Үкілеулік ер бесті тақымыңнан кетпесін,
Қалаулы елдің ұлы бол, атақ-даңқың өшпесін.
Төгілген жорға мінгенің, жібек, мақпал кигенің,
Оқалаулы үзбесі жарқыраған түймеңнің.
Өмірлі бол, қарағым, таудай болсын талабың!
Қар үстінде от жонар – қалаушы тапса қалауын,
Бақыт қонсын басыңа, аулақ болсын ажалың.
Беделді болып еліңе, өтімді болсын базарың,
Өрге жүзсін өнерің, сынбасын сағың, ажарың!

Ұқсас жаңалықтар

Бала тәрбиесінде үлкендер жіберетін қателіктер

redaktor_qazyr

Ботқаның пайдасы

redaktor_qazyr

Ұйқы жақсы болу үшін не істеу керек?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz