Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратБілімЖарнамаҚазірҚоғам

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға келген мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.
Заңнамаға сәйкес көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомада, ал тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау, яғни бюджеттік кредит ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада, ал ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада айқындалған.
Әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарға қолданылмайтынын атап өткен жөн. Бұл шаралар E-G-3, E-G-4 санаттарындағы мемлекеттік қызметтің бас және жетекші мамандары үшін қарастырылған.
Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес сәйкестендірілген заңнамалық норма бекітілген уақыттан бері Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 15 мемлекеттік қызметшіге 71 388 000 теңге мөлшерінде бюджеттік кредит, 48 мемлекеттік қызметшіге 15 944 000 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді.
Сонымен қоса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев атап өткендей, мемлекеттік қызмет саласындағы заңмен мемлекеттік қызметшілерді «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де заңнамада айқындалатын тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғынжай жағдайларын жақсартуға мұқтаж қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру, белгіленген тәртіппен мемлекеттік денсаулық мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдалану мүмкіндіктері көзделген.
Оған қоса, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған, таратылған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу, қайта ұйымдастырылған жағдайда функциялары берілген басқа мемлекеттік органнан бұрынғы атқарған лауазымымен мәні бірдей лауазым, болмаған жағдайда өзге мемлекеттік лауазым ұсыну қарастырылған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Путиннің Украинадағы соғысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамады

redaktor_qazyr

Нарша Қашағанұлы

Redaktor Site

Электр самокаттар туралы жаңа қаулы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz