Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысында полиция саудагерден 45 келіден астам насыбай тәркіледі

Түркістан облысында полиция саудагерден 45 келіден астам насыбай тәркіледі,деп хабарлайды Qazyr.kz Түркістан облысы ПД баспасөзіне сілтеп.

Мақтаарал ауданында полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейд жүргізу барысында саудагердің сауда орны мен үйіндегі гаражынан 50-ден астам баклашкаға салынған, яғни 45 келіден астам насыбай өнімін тапты Яғни сатумен айналысатын тұрғын насыбай өнімін арнайы баклашкаларға салып, сату үшін әзірлеп қойған.

Сурет: Түркістан облысы ПД

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты “Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау” бабымен шара көрілді. Тәркіленген тыйым салынған заттар жойылды. Учаскелік полиция инспекторлары халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Егер сауда ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылатынын тұрғындарға айтылды. Айта кетсек, облыс аумағында әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, оның ішінде еркін сауда жасауға заңмен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жасау деректерін анықтау мақсатында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Акция аясында тұрғындар өз еріктерімен полицияға 100 атыс қаруын тапсырды

redaktor_qazyr

Трамп Зеленскийдің соққан қоңырауын Илон Маскқа берді

redaktor_qazyr

«Менің атым- Қожа» фильмін,театрда Жанардың рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz