Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ақмола облысында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне 2024 – 2025 оқу жылдарына іріктеу аяқталды

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту үшін Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Оның мақсаты жастарға мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдыларын игеруге мүмкіндік беру.

Осы орайда 2024 жылдың 17-30 қыркүйегі аралығында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне өтінімдер қабылдау жүргізілді. Іріктеуге Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 52 бітіруші курс студенттері өтінім білдірді.
Іріктеудің келесі кезеңінде кандидаттар «Мемлекеттік қызметті таңдау себебім», «Тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құруда шетелдік тәжірибені пайдалану», «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі заңгерлердің рөлі», «Мемлекеттік қызметтегі менеджмент: болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру» тақырыптарында эссе жазды.
Эссені бағалау үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге арналған қадамдық жоспарды» іске асыру аясында мемлекеттік секторға таланттар пулын іздеу және қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жиыны өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің айтуынша, мұндай жұмыстар түлектердің аналитикалық ойлау деңгейін анықтауға және өз өз пікірін дәлелдеу, ойын сауатты жеткізе білу қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді.
Жалпы, түлектердің жұмыстары олардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын көрсетіп отыр. Жиын нәтижесінде, жұмыс тобының шешімімен Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне 23 түлек қабылданды.
Ағымдағы жылдың қараша айында түлектер ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы базасында 40 академиялық сағат көлеміндегі оқыту курстарынан өтеді. Оқыту бағдарламасы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі, стратегиялық менеджмент және көшбасшылық, мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар, мансап жолымен өсуге мотивация, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидалары, тиімді коммуникациялар, эмоционалды интеллект, стресс-менеджмент, практикалық аналитиканың негіздері, жобалық менеджмент, жобалық жұмыстарды әзірлеу және практикалық кейстерді талдау сияқты тақырыптарды қамтитын болады. Сабақтарды өткізу үшін Филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы, тәжірибелі мемлекеттік қызметшілер, сарапшылар тартылады.

Жазира Сейтмаганбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

Ұқсас жаңалықтар

Бұдан былай Қазақстанда жедел жәрдем қызметі сағат 18.00-ге дейін ғана жұмыс істеуі мүмкін

redaktor_qazyr

Қоянның ыстық қанының пайдасы

redaktor_qazyr

Өкшелі аяқ киімді дұрыс таңдап жүрсіз бе?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz