Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысында биыл жол жөндеу саласында 159 нысан пайдалануға беріледі

Түркістан облысында биыл жол жөндеу саласында 159 нысан пайдалануға беріледі,деп хабарлайды Qazyr.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөзіне сілтеп.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. Биылғы жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 41,4 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 1061,3 шақырым жол жөндеуден өтсе, жыл қорытындысымен 560 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста мәлімдеді.
Мәжілісте жолға қатысты маңызды түйткілдер айтылып, өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
– Жолдардың құрылыс сапасы – басты назарда. Жол құрылысын қолға алған мердігерлер мен сапасын қадағалаушы мекемелер тиісті жұмыстарды қолға алуы тиіс. Жолды салу да, жөндеу де бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керек. Тұрақты қадағаланады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Жиын барысында Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев баяндама жасады. Оның айтуынша, облыстық маңызы бар жолдарға тиісті қаржы бөлініп, 379,5 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Жыл қорытындысымен 207,6 шақырым жол, 4 көпір, 4 құбыр, 2 жарықтандыру жобасын пайдалануға беру көзделуде. Қазіргі таңда, 11 нысан толықтай пайдалануға берілсе (5 жол, 1 көпір, 4 құбыр, 1 жарықшам), қалған 9 нысанда жұмыстар жалғасуда. Осы орайда, биыл басқарманың тапсырысымен іске асырылып жатқан нысандарда «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК ТОФ тарапынан 642 сынама алынып, 96 сынама сәйкес келмеді. Соған сәйкес, кемшіліктерге жол берген мердігер, техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелерге 120-ға жуық ескерту хаттар беріліп, 7,3 млн. теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ сапасыз салынған 8100 м2 асфальт жабыны қайта төселді.
Биыл аудандық маңызы бар жолдарға – 2,6 млрд. теңге бөлініп, 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Атап айтсақ, елді мекен көшелері бойынша 197 жоба н/е 584,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 98 елді мекенде жалпы 131 нысан немесе 482,5 шақырым көше жөндеуден өткізілуде. Жыл қорытындысымен 104 нысан (365 көше) немесе 325,2 шақырымы пайдалануға беріліп, индикатор көрсеткіші 70%-дан 74%-ға жетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау- демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе

redaktor_qazyr

Сыбайлас жемқорлықты әшкерелегендер қомақты сыйақы алды

Redaktor Site

МІНЕЗІҢДЕГІ АУРУЛАРДАН ҚҰТЫЛ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz