Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамТехнология

Сарапшылар Қытайдың Temu онлайн сауда платформасын шпиондық бағдарлама деп қауіптеніп жатыр

Сарапшылар Қытайдың Temu онлайн сауда платформасын шпиондық бағдарлама деп қауіптеніп жатыр,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Temu — бұл АҚШ-та,сонымен қатар біздің Қазақстанда да танымал болып келе жатырған Қытайдың PDD Holdings (Pinduoduo) компаниясына тиесілі онлайн сауда платформасы.Оны Google-де жұмыс істеген жас қытай кәсіпкер Колин Хуан құрған.Соңғы уақытта Temu-ға қатысты шпиондық бағдарлама деген күдіктер мен алаңдаушылықтар пайда болып жатыр.

Кейбір сарапшылар мен қолданушылар Temu мобильді қосымшасы жеке мәліметтерді заңсыз жинап, оларды үшінші тарапқа беруі мүмкін деп болжауда. Бұған қауіптенудің де бірнеше себептері бар: Қосымшаның рұқсат сұрау саясатында кейбір қолданушыларға күмән тудырарлық элементтер бар. Мысалы, Temu құрылғыңыздың орналасуын, микрофон мен камераға қолжетімділікті талап етуі мүмкін.Temu қолданушылардың құрылғы деректерін, әрекеттерін және шолу тарихын жинайды деген айыптаулар бар. Бұл деректер маркетинг мақсатында қолданылуы мүмкін, бірақ сарапшылардың пікірінше, кейбір деректерді жинау шектен тыс.PDD Holdings компаниясының Қытайда орналасуы АҚШ пен басқа елдерде алаңдаушылық тудырады, себебі Қытай заңдарына сәйкес жергілікті компаниялар үкіметке қолданушы деректерін беруге міндетті болуы мүмкін.

Осы арқылы Қандай деректер жиналуы мүмкін?
Жеке мәліметтер (аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, төлем ақпараттары).Құрылғы туралы ақпарат (IMEI коды, IP мекенжайы, қолданушының орналасқан жері).Сатып алу әдеттері мен іздеу тарихы.Микрофон, камера және файлдарға қол жеткізу.

Дегенімен PDD Holding өздері құрастырған платформасын шпиондық бағдарлама емес екенін айтып, қолданушылардың деректерін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолданатынын мәлімдейді. Алайда, кейбір киберқауіпсіздік сарапшылары оның қауіпсіздігіне күмән келтіріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Вьетнам визасыз режимге қол қойды

redaktor_qazyr

АҚШ-тың президенті Джо Байден өзінің қайта президент сайлануынан бас тартатынын айтты

redaktor_qazyr

Еңсегей бойлы Ер Есім

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты