Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев 6 жылға қамалды

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологилық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев 6 жылға істі болды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Ол аудандық басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін 600 мың теңге пара алған деген күдікке ілінді. Бұл жайында Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов мәлім етті. Сот үкімімен қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Сондай-ақ,оған 42 млн теңге айыппұл салды.Оған қоса тағы екі лауазымды тұлғаға және пара берушіге де айыппұл салынды.

Айта кетейік,Әбдіманап Қошқарұлы Төлебаев 2019 жылғы 19 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Шымкент қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы лауазымына тағайындалған.

Ол 1963 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында туылған.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысы, Сырдарья аудандық СЭС коммуналдық гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері болған.

Ұқсас жаңалықтар

Министр Светлана Жақыпова кей мамандықта оқитын студенттерді әскерден босатуды ұсынды

redaktor_qazyr

Жамбыл облысында полицей суға кеткен қызды құтқарып қалды

redaktor_qazyr

Асқар Жұмаділдаев: «ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТҮСІНДЕ ДЕ КӨРУІ КЕРЕК»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz