Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан: Ордабасыда 300 адамды жұмыспен қамтитын бірнеше кәсіпорын іске қосылды

Түркістан облысында инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыстар жанданып келеді. Осы бағытта Ордабасы ауданы «Бадам» индустриалды аймағында жаңа инвестициялық жобалардың құрылысы басталған болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына арнайы іссапармен барып, алюминий профиль бұйымдарын шығаратын ««Central Asia Aluminum Company» ЖШС-ін аралап, жұмыс барысын бақылады. Зауыттың құрылысымен танысқан өңір басшысы кәсіпкерлермен пікірлесті.Бұл туралы Қазір ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөзіне сілтеп хабарлайды.

– Біздің өңірде жұмыс орындарын ашу маңызды. Сол себепті өңірде іске қосылған әрбір зауыт өңір экономикасының дамуына үлес қосады. Сондықтан инвестициялық жобаларға тұрақты қолдау көрсетіледі. Осы зауыттарда біздің тұрғындар жұмыс істейді, – деді Дархан Сатыбалды.
Бадам индустриялды аймағында «Сentral Аsia Аluminum company» компаниясының алюминий профиль бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвестициялық құны 4 млрд. 400 млн.теңге, Жобаның бірінші кезеңі 2025 жылдың наурыз айында іске қосылып, 200 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтиды. Жылдық қуаттылығы – 10 мың тонна. Ал екінші кезеңі іске қосылғанда 150 жұмыс орны ашылмақ.
Іссапар аясында Бадам ауылындағы «RZN» ЖШС-нің автоклабталған газоблок шығаратын зауытының жұмысымен танысты. Жобаның инвестициялық құны 1 млрд. 500 млн. теңгені. құрайды, ал қуатылығы жылына 85 мың текше метр. Жоба толықтай іске асқан кезде 25 адам жұмыспен қамтылады. Жер аумағы – 3 гектар.
Өңір басшысына балалар ойын алаңшаларын шығаратын зауыт пен инновациялық темірбетон шығару зауытының, металл өнімдерін өндіру жобасының құрылыс барысы таныстырылды. Бұл кәсіпорындарда 100-ге жуық жұмыс орны құрылмақ.
Аудандағы зауыттарды аралап көрген облыс әкімі мемлекет тарапынан ұсынылған жер уақтылы игеріліп, кәсіпорындар өз мерзімінде ашылуы керек екенін жеткізді. Сонымен бірге индустриалды аймақты абаттандырып, көгалдандыру қажеттігін, жергілікті тұрғындарды үйретіп, жұмысқа тарту керектігін ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының Шаян ауылы маңында ірі жол апаты болды

redaktor_qazyr

Елімізде қайтадан маскалық режим енгізілді.

redaktor_qazyr

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8,5 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz