Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Қазақстан билігі орыс тілін дамытуға 131 миллион теңге бөлмекші.Мәжіліс «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы шартты» мақұлдады

Сурет:Павел Ведняков

Қазақстан билігі орыс тілін дамытуға 131 миллион теңге бөлмекші.Мәжіліс «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы шартты» мақұлдады. Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Сенат депутаты Андрей Лукиннің мәлімдемесі Қазақстанның тілдік саясатындағы маңызды мәселелердің бірі ретінде қоғамдық пікірталас тудырып жатыр. Оның айтуынша, 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттен 131 миллион теңге халықаралық орыс тілі ұйымының жұмысына жұмсалмақ. Бұл ұйымның мақсаты – орыс тілін халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде қолдау және дамыту.

Ұйымның құрылуына алты ел – Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қатыспақшы.Ұйымға 131 миллион теңге республикалық бюджеттен 2025-2027 жылдарға бөлінеді. Бұл сомаға ұйымның әкімшілік шығындары, іс-шараларды ұйымдастыру, ғылыми жобалар және тілдік ресурстар әзірлеу сияқты жұмыстарына жаратылуы мүмкін.

Мұндай шешімдер қоғамда әртүрлі көзқарастар тудырып жатыр,қолдаушылар тарапы орыс тілі – ТМД елдері арасындағы ресми тілі екенін және ұлтаралық қатынастарды нығайтып, экономикалық интеграцияға ықпалын тигізеді десе,қарсы тарап «мемлекет қазақ тіліне жеткілікті көңіл бөлінбей жатқанда, орыс тілін қолдауға қосымша қаржы бөлінуі дұрыс па?»,-деген пікірде.

Ұқсас жаңалықтар

Өскеменде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Workshop алаңы ұйымдастырылды

admin_qazyr

Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды

redaktor_qazyr

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар емтихандар мен сынақтардан босатылады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz