Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

АҚШ Конгресі коронавирус Қытайдың зертханасынан таралуы мүмкін деген қортындыға келді

АҚШ Конгресі коронавирус Қытайдың зертханасынан таралуы мүмкін деген қортындыға келді,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

АҚШ Конгресі COVID-19 пандемиясына қатысты екі жылдық тергеу жүргізіп, вирустың Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан шыққан болуы ықтимал деген қорытындыға келді. Бұл пікірді дәлелдейтін бес негізгі себеп келтірілді:

1. Табиғи емес қасиеттер: COVID-19 вирусының табиғатта кездеспейтін ерекше биологиялық сипаттары бар.

2. Таралу дерегі: Бастапқыда вирустың барлық жағдайы бір адамнан таралған деген болжам жасалды, бұл табиғи таралу заңдылықтарына қайшы келеді.

3. Ухань зертханасы: Қалада SARS және басқа коронавирустарды зерттеумен айналысатын зертхана бар, бірақ биологиялық қауіпсіздік талаптары жеткіліксіз болған.

4. Қызметкерлердің ауруы: 2019 жылдың күзінде, пандемия басталмас бұрын, осы зертхананың кейбір қызметкерлері COVID-19-ға ұқсас ауруға шалдыққан.

5. Қаржылық алаяқтық: Пандемия кезінде АҚШ-та 250 миллиард доллардан астам қаржы ұрланған. Оның ішінде салық төлеушілердің қаражаты мен жалақыны қорғау бағдарламаларына бөлінген қаражаттар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады

admin_qazyr

«Теңгенің тағдыры»: Ұлттық банк сауалнамасындағы басты 5 өзгеріс

admin_qazyr

Дональд Трамп TikTok-ты «құтқару» мүмкіндігін қарастыруда

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz