Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Арыс қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Сурет ашық дереккөзден

Арыс қаласының әкімі болып Қайсар Маңқараев тағайындалды. Ол бұрын түрлі мемлекеттік қызметтерде еңбек еткен, 16 жылдық тәжірибесі бар маман.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Бұрынғы әкім Гүлжан Мамытқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімге қаланы дамыту, инвестиция тарту және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар берді.

Айта кетейік,Маңқараев Қайсарт1979 жылғы 9 сәуірде Түркістан облысы Бәйдібек ауданында дүниеге келген.Ол бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану мамандығын тәмамдаған.Ең алғаш
2000 жылы Шымкент қаласындағы «Береке» ЖШС-інде кассир, менеджер, экономист болып қызмет атқарған.
Кейін 2004 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз кәсіпорындарға мониторинг бөлімінің маманы болған.Онан соң 2005-2010 жылдары Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде қызмет атқарған.2010-2016 жылдары ҚР Парламенті шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясында директор орынбасары болып қызмет атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Фариза Оңғарсынова- сағынбайсың ба?

redaktor_qazyr

Варшавада «Польша — Қазақстан» сауда-инвестициялық форумы өтті

admin_qazyr

Әңгіме: Бұрынғы жігітіммен көңілдес болдым

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz