Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шымкентте 30 жастағы ер адам анасын пышақтап,өртеп жіберген

Шымкентте 30 жастағы ер адам анасын пышақтап,өртеп жіберген

Сурет: pixabay

Шымкент қаласында адам сенгісіз жан түршіктірер жағдай орын алды. Отыз жасты еңсерген ер адам туған анасын пышақтап, денесін ауласында өртеп жіберген. Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Оқиғаны бірінші болып көршілері байқап қалған. Көшеде кетіп бара жатқан олар, кенеттен көрші үйдің жанып жатқанын көріп, көмекке ұмтылған. Сол сәтте ер адам белгісіз зат ұстап, көршілерін қуа жөнелген. Көршілерінің айтуынша, бұл жағдай 12 қаңтарда түнгі сағат 02:00-02:30 шамасында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, бұл трагедия отбасындағы жанжалдың салдарынан туындаған. Сондай-ақ, көршілері ер адамның денсаулығында ауытқушылық болуы мүмкін деп болжайды.

Шымкент қаласының ПД мәліметінше,қазір күдікті ер адам ұсталып,қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

«Демократия – үздіксіз жүретін үдеріс»Тоқаев

redaktor_qazyr

Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

admin_qazyr

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz