Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

ҚазҰУ мен Алматы әкімдігі арасында түсініксіз жағдай орын алуда  

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайын реставрациялау Алматы қаласы әкімдігімен келісілмегенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы қаптамасын алып тастау жұмыстары жүргізілуде. Сарай – жергілікті маңызы бар ескерткіштердің бірі болып табылатындықтан ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу ісі Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен келісуі керек.

Мәдениет басқармасының хабарлауынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен сарайда ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу туралы сұраныс түскен.

Алайда, шенеуніктер университетке «тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкес әзірленген ғылыми-жобалық құжаттаманы ұсыну қажет» деп жауап берген.

Дегенмен, басқармаға бұл құжаттар әлі күнге дейін түспепті. Соған қарамастан, желтоқсан айының соңында сарайдың фасадынан тақтатастар алына бастаған. Ал 2024 жылдың көктемінде ғимарат айналасына қоршау қойылған болатын.

Студенттер сарайы 1989 жылы салынған. Ал 2021 жылдың 17 наурызында ол Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне №115 нөмірімен енгізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға жастар көптеп қатысуы тиіс

admin_qazyr

Таразда анасын шәйнекпен ұрып,басын жарған қызға 10 күн бойы көше тазалау жазасы берілді

redaktor_qazyr

ҚР Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz