-5.7 C
Шымкент
22-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратМұнай-газ саласы

Жаңа кемелер мен инфрақұрылым: Транскаспий бағытын дамытудың жаңа кезеңі

Жаңа кемелер мен инфрақұрылым: Транскаспий бағытын дамытудың жаңа кезеңі

Абу-Даби қаласында (БАӘ) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына кіретін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы мен AD Ports Group арасында негізгі талаптар туралы келісімге қол қойылды. Құжат Каспий өңірінде серіктестікті нығайтуға және бизнесті кеңейтуге бағытталған.

Тараптар Каспий теңізінде жұмыс істеуге арналған, сыйымдылығы 500 ЖФЭ-ден (жиырма футтық эквивалент) асатын екі заманауи контейнерлік кемені салуға келісті. Жаңа аз шөгінді кемелер Транскаспий бағытының айналымы мен өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар компаниялар Каспий теңізі арқылы өтетін интермодальды паром желісін дамыту жоспарын растады. Жоба сыйымдылығы жоғары паромдар салуды және заманауи терминал инфрақұрылымын құруды көздейді, бұл өз кезегінде отандық экспорттаушылар мен Орта дәліз қатысушылары үшін транзит уақытын едәуір қысқартады.

Стратегиялық серіктестік көлік инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанның халықаралық логистикадағы бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталған.

Анықтама:
Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) — Қазақстан, Каспий теңізінің акваториясы, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстыратын халықаралық көлік дәлізі. Сондай-ақ аймақтағы сауда мен логистиканың дамуына ықпал ететін «Бір белдеу — бір жол» жобасының маңызды бөлігі.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

redaktor_qazyr

Осы оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

redaktor_qazyr

Биыл 1,7 млн қазақстандық оқушы тегін тамақтанумен қамтылады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz