-4.7 C
Шымкент
23-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазір

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты деректер жарияланды

Көлік министрлігі авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссиясының жұмысы жалғасып жатқанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.

Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.

Бұған дейін Ақтау түбіндегі ұшақ апатының себептері қашан нақты айтылатыны белгілі болған еді.

30 желтоқсанда Қазақстан борттағы өздігінен жазғыш құралдарды Бразилияға жібергенін жаздық.

Осыған дейін «қара жәшіктің» Бразилияға неліктен жіберілетіндігі туралы сарапшылардың пікірін берген едік.

Сондай-ақ, «қара жәшікті» оқуға неше күн кететіні туралы авиация инженерінің жауабын жарияладық.

Бұдан бөлек, Ақтау түбінде құлаған әзербайжандық ұшақтың эксклюзивті суреттері жарияланды.

Бұған дейін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясы ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын (қара жәшіктер) зерттеуді аяқтағаны хабарланды.

Алдағы күндері Астанаға «қара жәшіктен» алынған материалдар жеткізілетіні белгілі болды.

 

,

Ұқсас жаңалықтар

Биыл оқушылар 1 тоқсанда 10 күн демалады

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

admin_qazyr

Биыл «Ұлы дала жорығы» Петропавлдағы Абылай хан резиденциясынан аттанады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz