Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Дымқыл майлықпен жауып қойған» Түркістан облысында нөмірін жасырып жүрген жүргізушілерге шара қолданылуда

«Дымқыл майлықпен жауып қойған» Түркістан облысында нөмірін жасырып жүрген жүргізушілерге шара қолданылуда

Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері рейд кезінде көлігінің мемлекеттік нөмірін қасақана жасырып алған жүргізушілерді анықтап, заң бұзушыларға шара қолданды. Мұндай оқиғалардың бірі республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында орын алды.

Тексеру барысында 30 жастағы Арыс ауданының тұрғыны көлігінің нөмірін дымқыл майлықпен жауып, жол ережесін өрескел бұзғаны белгілі болды. Сот шешімімен ол 1 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері көлік нөмірін шешіп тастаған немесе қасақана жасырып алған 40-қа жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттердің заңға қайшы екенін ескертіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Жарақат алғанда не істеу керек?

Redaktor Site

Астанадан Делиге тікелей рейс ашылады

redaktor_qazyr

Түркістан облысында 25 шетелдік жауапқа тартылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz