-4.7 C
Шымкент
22-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Қазақстанда халық пен бизнеске 40 трлн. теңге несие берілді

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 40,9 трлн теңгені құрап, 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 22,3%-ға ұлғайды. Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,0%-ы бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 54,0%–ы — халыққа берілген кредиттер, деп жазады Dalanews.kz.

«Бұл ретте бизнеске кредиттер өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 20,6%-ға өсіп, 18,8 трлн теңгені құрады, халыққа берілген кредиттер 23,7%-ға, яғни 22,1 трлн теңгеге дейін өсті», делінген Ұлттық банктің желтоқсан айының қорытындысы бойынша жасаған есебінде.

 

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір жылда 18,9%-ға 36,8  трлн теңгеге дейін ұлғайса, ал шетел валютасындағысы 64,0%-ға, 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен).

 

Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,8%-ын құрады.

 

Бұған дейін сайтымызда «Банктерден жұрт бұрқыратып қарыз алып жатыр, проблемалық заемдар да артуда» деген мақала жарияланған. Онда Halyk Finance сараптама орталығының жариялаған зерттеуі ұсынылған.

 

,

Ұқсас жаңалықтар

2029 жылы Апофис астероиды жерге жақын аралықтан өтуі мүмкін — Ғалымдар алаңдаулы

redaktor_qazyr

Талдықорғанда күдікті ер адамды өлтіріп, өртеп жіберген

Redaktor Site

Түркістанда Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы атап өтілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz