-4.7 C
Шымкент
23-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Заңсыз алынған активтер қалай қайтарылуда?

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл іске құқық қорғау және мемлекеттік органдар белсенді түрде атсалысып жатыр.

2023 жылы арнайы «Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару туралы» заң қабылданды. Оның ережелері қыркүйек айынан бастап толық күшіне енді. Ал 5 қазанда Президент Жарлығымен Бас прокуратура жанынан Мемлекетке активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылды.

Жаңа Заңды іске асыру үш негізгі құрылымға жүктелген:

Комиссия (Премьер-Министрдің басшылығымен): қайтару шаралары мен механизмдерін әзірлейді. Комитет: активтерді анықтап, тексеру және қайтарумен айналысады. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Басқару компаниясы: қайтарылған активтерді сақтап, басқарып, арнайы қорға қаражат аударады.

Қайтару механизмі:

Ерікті қайтару: активті өз еркімен мемлекетке қайтару немесе елге қажетті жобаларды қаржыландыру.

Мәжбүрлі қайтару: заңдылығына күмән болған жағдайда актив сот шешімімен мемлекетке өтеді.

Нәтижелер:

1 триллион теңге көлемінде активтер қайтарылды.

228 миллиард теңге арнайы қорға аударылды.

87 миллиард теңгеден астам активтер басқарушы компанияға берілді.

Қайтарылған активтер арасында ақшалай қаражат, элиталық жылжымайтын мүлік, акциялар, бағалы заттар және басқа да құнды мүліктер бар.

Нұрхат ОРАШ

Ұқсас жаңалықтар

Депутат Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды

redaktor_qazyr

Арыстық дәрігерлер Монтайтастық әйелдің қолын күйдіріп алды

redaktor_qazyr

Енді Ресей заңын бұзған өзбекстандықтар Қазақстанға кіре алмайтын болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz