Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтар

Алматы облысында ең үлкен мұз айдыны ашылады

Алматы облысы, Қонаев қаласында Орта Азиядағы ең үлкен мұз айдыны іске қосылады. Ауданы 20 600 шаршы метр болатын мұз айдыны ерекше құрылымымен және қызмет көрсету сапасымен ерекшеленеді. Мұнда келушілер кезек күтпей, өз уақытын тиімді пайдаланып, кең әрі айнадай мұз үстінде еркін сырғанау мүмкіндігіне ие болады.

Жаңа мұз айдыны ASP CLUB отбасылық-ойын-сауық орталығының аумағында орналасқан. Бұл жерде қысқы спорт түрлерінен бөлек, картинг, автопарк, wake парк, багги, глэмплинг сияқты ойын-сауық қызметтері де ұсынылады. Сондай-ақ, кешенде мейрамханалар, қонақүйлер және басқа да демалыс орындары қарастырылған.

Ашылу салтанаты 2025 жылғы 15-27 қаңтар аралығында сағат 11:00-де өтеді. Қонаевта қысқы демалысыңызды естен кетпестей өткізіңіз және ең үлкен мұз айдынының мүмкіндіктерін тамашалаңыз!

Ерекше демалыс – Алматы облысынан басталады!

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

admin_qazyr

Президент Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерді наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

redaktor_qazyr

Қазақстанда ірі өндіріс іске қосылып, экономика дамуда – Бектенов

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz