Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қабылсайда жүк көлігі бағанаға соқтығысып, аударылып кетті

Түркістан облысы Арыс ауданына қарасты Қабылсай ауылында жүк көлігі бағанаға соқтығысып, аударылып кетті,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

19 қаңтар күні таңертең Қабылсай ауылында ауыр жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Көлік жол шетінде орналасқан жарық бағанасына соғылып, аударылып кеткен.Оның бортында шамамен 5-6 тонна қатты отын болған.

Апаттың алдын ала болжамы,жүк көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай жарық бағанасына соғылғаннан кейін көлік аударылып, ішіндегі жүк жолға төгілген.

Оқиғаны көрген жергілікті тұрғындар жедел түрде көмекке келіп, төгілген отынды жинауға және көлікті қайта көтеруге кірісті. Қазіргі уақытта олар апат салдарын жою үшін бірлесіп әрекет етуде.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтааралда жаңа тігін фабрикасы ашылады: 200 жұмыс орны құрылмақ

admin_qazyr

Президент әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

redaktor_qazyr

Көзден ақты, жас емес бірақ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz