Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғам

Жетісу облысында есірткі зертханасын басқарған трансұлттық топ құрықталды

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді, — деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған.

«Анықталғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Ұстау кезінде олардан шамамен 6 келі мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда.

Ұқсас жаңалықтар

Бастапқы білім беру инфрақұрылымы толық жаңарады: 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

admin_qazyr

Алматыда «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

admin_qazyr

Шымкентте 6 қазан күні қоғамдық көліктер, жолаушыларды тегін тасымалдайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz