-6.7 C
Шымкент
23-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Еуропалық Одақ балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына шектеу енгізуді ұсынды

Еуропалық Одаққа мүше елдер балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына жас шектеулерін енгізуді ұсынуда. Бұл бастама әсіресе балалардың психикалық денсаулығын қорғау мақсатында қолға алынып отыр.

Былтыр Еуропарламент, Еуропалық комиссия және Еуропа кеңесінің қызметкерлеріне жұмыс құрылғыларына TikTok қосымшасын жүктеуге және пайдалануға тыйым салынған болатын. Бұл шешім киберқауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау қажеттілігінен туындаған еді.

Енді Еуропалық Одақ елдері балалар үшін ортақ ереже қабылдауға дайын. Дания, Норвегия және Францияның білім министрлері 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салуды ұсынуда. Министрлердің пікірінше, мұндай шешім балаларды психикасына кері әсер ететін контенттен қорғауға мүмкіндік береді.

«Балалардың психологиялық және эмоционалдық денсаулығын қорғау үшін Еуропалық Одаққа ортақ заң қабылдап, 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу қажет», – деді министрлердің бірі.

Әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге тигізетін теріс әсері соңғы жылдары жиі талқыланып келеді. Сарапшылардың айтуынша, платформаларда жарияланатын контент балалардың өз-өзіне деген сеніміне, мінез-құлқына және жалпы психикалық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.

Еуропалық Одақ бұл мәселені талқылауды жалғастырып, ортақ шешім қабылдау жолдарын қарастыруда. Жаңа заң қабылданған жағдайда, шектеулер барлық мүше елдерде енгізілуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті

redaktor_qazyr

«Менің атым- Қожа» фильмін,театрда Жанардың рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

redaktor_qazyr

Күзде қант қымбаттауы мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz