Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратҚазірҚоғамСаясат

Германия Ресейдің гибридтік қауіп-қатерлеріне қарсы шараларды күшейтуді ұсынды

Германия Ресейдің гибридтік қауіп-қатерлеріне қарсы шараларды күшейтуді ұсынды,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Германияның сыртқы істер министрлігі Еуроодақ елдеріне Ресейден туындайтын гибридтік қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен шараларды күшейту жөнінде бастама көтерді. Бұл туралы Politico басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок министрлік әзірлеген ұсыныстарды ЕО елдеріне таратып, «үйлестірілген әрекеттерді қолға алуды» ұсынған.

Ұсыныстардың ішінде ресейлік дипломаттарға қысым көрсету мақсатында олардың аккредитация мерзімін қысқарту және қозғалыс еркіндігін шектеу туралы тармақтар бар.

Бұл бастама Брюссельде келесі аптада өтетін ЕО-ның сыртқы істер министрлерінің кездесуінде талқыланады деп жоспарлануда. Германияның бұл ұсынысы Ресейден төнетін қауіптерге қарсы Еуроодақ елдерінің ынтымақтастығын арттыруды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

Роман Скляр: «Нұр Жолы» – халықаралық сауданың маңызды қақпасы

admin_qazyr

Қазақстандықтарға жалған бос жұмыс орындары ұсынылуда

redaktor_qazyr

Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол сегіз жолаққа кеңейтіледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz