-10.7 C
Шымкент
24-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазір

Антикор: әлеуметтік сала сыбайлас жемқорлықтан ада емес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Асхат Жұмағали 2024 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді. Ол әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық көріністері  басты назарында екенін айтты, деп хабарлайды Qazyr.kz.

2024 жылы агенттік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  талдау жасап, мүгедектікті тіркеуде медициналық сараптамаға қатысты 5 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады

Соңғы бес жылда әлеуметтік қорғау шараларына бюджеттен 23 трлн теңге бөлінді. Алдағы 2 жылға тағы 13 трлн теңге жоспарланған. Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мүгедектікті белгілеу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік төлемдер мен қызметтерге бюджет қаражатын игеру мәселелерінде анықталды. Олар, әсіресе әлеуметтік көмекке жүгінетін азаматтардың осал санаттарына әсер етеді. Жосықсыз қызметкерлер қолданыстағы олқылықтарды парақорлық пен қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану үшін жиі қолданады.

Жоғарыда айтылғандар қылмыстық құқықтық тәжірибемен де расталады.

Мысалы, Шымкентте Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы мен қалалық емхана қызметкеріне қатысты үкім шығарылды, олар мүгедек балалардың ата-аналарынан мүгедектік тобын белгілегені үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында шешуді қажет ететін бірқатар негізгі мәселелер анықталды.

«Агенттікпен медициналық-әлеуметтік сараптамаға қатысты 5,2 мыңнан астам айла-шарғы жасаудың фактісі анықталды, онда мамандар негізсіз мүгедектік тағайындаған немесе одан бас тартқан. Мүгедектігі бар адамдарға арналған тауарлар мен қызметтердің бағасын негізсіз көтеру, сондай-ақ жалған жеткізілімдер фактілері тіркелді, бұл 830 миллион теңгенің мақсатсыз жұмсалуына әкелді. Атап айтқанда, Шымкент қаласында гигиеналық құралдарға негізсіз төленген сома 200 миллион теңгені құрады», делінген Антикор хабарламасында.

1,2 мыңнан астам жалған бизнес құру және әлеуметтік төлемдерді алу үшін кірістерді көбейту жағдайлары анықталды. Сонымен қатар жалған жұмыспен қамтудың 500-ден астам жағдайы анықталды, онда 168 млн теңге көлемінде мемлекеттік субсидиялар қағаз жүзінде бөлінді, бірақ адамдар іс жүзінде жұмысқа орналаспады.

Талдау қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама процестерін автоматтандыруға және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялау және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу арқылы бақылау тетіктерін күшейту ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Теле2 мен Алтел Қатарлық компанияға сатылып кетті

redaktor_qazyr

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб кию мәселесіне жауап берді

redaktor_qazyr

Әркімнің өз жолы бар

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz