Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Ермұрат Бәпи: «Сатира — қылмыс емес!»

Депутат Ермұрат Бәпи қоғамда қызу талқы тудырған мәлімдемесін Facebook парақшасында жариялады. Ол Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділеріне қатысты әділетсіздікке назар аударып, құқық қорғау органдарының әрекетін сынға алды. Бәпи өз жазбасында Әсем Жәпішеваға қатысты сот шешімін заңсыз деп атап, оны босатуды талап етті.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

«Сатира — қылмыс емес! Соңғы 3-4 жылдың ішінде бейкүнә жүрген “Оянды” кім оятты? Бас жарып, көз шығармаған жастардың ендігі зығырданын тудырған оқ полиция, прокуратура мен соттың көксегені не? Елде теңселіс тудыру ма? Айналып келгенде, қоғамның наразылығы бұл үшеуіне емес, бірінші кезекте ел президентіне тиетінін бұлар білмей отырған жоқ! Ендеше, далбаса даңғойлықты доғарып, прокурордың протестімен заңсыз сот шешімін бұзып, Әсемді абақтыдан шығару қажет!» – деп жазды депутат.

Бұл мәлімдеме көпшіліктің қолдауын тудырғанымен, әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі Ермұрат Бәпиден мұндай пікірді мәжіліс мінберінде айтуын талап етті. Пікір қалдырушылар арасында «Мәжілісте айт», «Темірланды неге айтпайсыз?» деген секілді ұсыныстар жиі кездеседі. Бұл қоғамның депутаттардың әлеуметтік желідегі белсенділігінен бөлек, нақты іс-әрекет күтетініне дәлел.

 

Ұқсас жаңалықтар

Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш берді

admin_qazyr

Жыл басынан бері 132 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

admin_qazyr

Биыл 11-сыныпты 217 мыңнан астам түлек бітіреді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz