Премьер-министр Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу үшін Үкімет жүзеге асырып жатқан шараларды талқылау. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі қазіргі экономикалық жағдай туралы баяндап, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерді дамытудың жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдерін айтты.
Кездесуге қатысушылар жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқылады.
Мәжіліс барысында «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец, «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ президенті Виктор Микрюков, «Атамекен» ҰКП төралқасы Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы Нұржан Отарбаев, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұсынылып отырған өзгерістердің экономикаға әсерін айтып берді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев, «NAC Analytica» Корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Расул Рысмамбетов, «Dasco Consulting group» ЖШС басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов, «Fortune Partners» ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Тоқмурзина, ҚМ Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Жүрсінов, «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов байыпты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ талқылауға «Талап» Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, «DESHT» талдау орталығының жетекшісі Қуаныш Жайықов, экономист Ғалымжан Айтқазин, тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев, «Visor Kazakhstan» инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин және басқалар қатысты.
«Президент нақты секторды дамытуды күшейте отырып, экономика құрылымын өзгерту міндетін қойды. Сондықтан талқыланатын реформалар еліміз үшін маңызды. Салық-бюджет реформасы экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жетілдірудің пәрменді тетігі болмақ», — деп атап өтті Олжас Бектенов.