Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«7 жылға бас бостандығынан айырылды» Қалаулымдағы Бердахқа қатысты үкім шықты

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған, «Қалаулым» бағдарламасынан белгілі болған Бердах Бекетовке қатысты сот үкімі шықты. Оның үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Бердах Бекетов Қаңтар оқиғасында «жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны» үшін айыпталды. 2022 жылдың 22 қаңтарында полиция оны көшеде ұстап, тергеу изоляторына алып кеткен. Сол кезде оған «Жаппай тәртіпсіздікке қатысу» айыбы тағылып, қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу кезінде Бердах Бекетов үш рет хат жазып, өз жағдайын баяндаған. Алғашқы хатында 25 қаңтарда ол прокурорлардың сөзін елемей, азаптауларға ұшырап жатқанын жазып, көмек сұраған. Екінші хатында 2 наурызда өзінің кінәсіз екенін айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша болуын өтінген.

Ұқсас жаңалықтар

Өскемен: Танымал спортшыны пәтердің кіреберісінде атып кетті

redaktor_qazyr

Мағжан Жұмабаев — Ауру

redaktor_qazyr

Түркістан облысында өзіне қол салған полиция майоры,өліміне бастығы кінәлі екендігі жазып, хат қалдырған.

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz