Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазір

Қазақстан азаматтары банктерге 24 триллион теңге қарыз

Бірінші кредиттік бюро мәліметі бойынша халық несие рәсімдеуді бір жылда 23 пайызға арттырып, жалпы 24 триллион теңге қарызға кірген.

Қазақстандықтар негізінен кепілсіз тұтынушылық несие және ипотека мен автонесиге жүгінеді.

Кепілсіз тұтынушылық несие 2025 жылдың басында 11,7 триллион теңгеге жетті.

Ипотекалық несие бір жылда 14,1 пайызға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн тг құрап отыр. Келісімшарттар саны 9,9 пайызға, 627,6 мың бірлікке дейін артты. Ал қарыз алушылар саны 600 мыңға жетіп, жылдық өсім 10,3 пайызды құрады.

«Атап өтейік, өткен жылы бұл сегментте несиенің берілу белсенділігі едәуір артқан болатын. Рәсімделген келісімшарттардың жалпы көлемі жылдан жылға 27,8%-ға артып, 2,2 трлн тг жетті. Ал несие саны 18,9%-ға артып, 136,8 мың бірлікті құрады. Ипотека алған қарыз алушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 21%-ға өсіп, 134 мың адамға жеткен», – делінген Бірінші кредиттік бюроның түсіндірмесінде.

Автонесие. Оның портфелі 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,6 трлн тг жетіп отыр. Бір жылда 44,8%-ға өскен. Келісімшарттар саны 591,2 мың бірлікті, ал қарыз алушылар саны 559,2 мың адамды құрады.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер 4500-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz