Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

МӘМС жүйесін реформалауды жалғастыру қажет — Тоқаев

“Былтыр денсаулық сақтау саласының өзінде 140 миллиардтан астам теңге орынсыз шығын анықталып, тиімді жұмсалды. Демек жауапкершілікпен қараған кезде қосымша қаражат көзін де табуға болады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалауды жалғастыру керек. Сонымен қатар бірқатар заңнамалық шара қабылдау қажет. Үкімет Парламентпен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы заң жобасын жедел пысықтауы керек. Құжат осы сессияның соңына дейін қабылдануға тиіс.

Ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық жобасы аясында көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту жұмысы ойдағыдай жүріп жатқан жоқ.

Жоспар бойынша биыл 32 ауруханаға жөндеу жүргізілуге тиіс. Бірақ оның тең жартысының жобалық-сметалық құжаты енді ғана әзірленіп, сараптама жасалып жатыр. Бұл мекемелерді медициналық құралдармен жабдықтау мәселесі де шешімін тапқан жоқ.

Үкімет пен әкімдер алғашқы көмек көрсету нысандарының барлығын жыл соңына дейін түгел іске қосуы керек. Ал көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту жұмыстарын келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын», — деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтасқа алғашқы қар қашан жауатыны белгілі болды

redaktor_qazyr

Ақмола облысында қаңғыбас иттердің етін сатқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты

redaktor_qazyr

Қазақстан ІІМ-гі шет елдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ақпараттық технологияларды қолданысқа енгізді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz