Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Астанадағы LRT қыркүйекте іске қосылады

Астанадағы жеңіл рельсті транспорт (LRT) құрылысы биыл жазда аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, алғашқы пойыздар күзде іске қосылып, сынақ жұмыстары басталады. Құрылыс мерзімі ұзаққа созылған жоба қаладағы көлік жүйесін жеңілдетуге бағытталған.

Жиын барысында Президент елордадағы көлік кептелісі мәселесін шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Сарапшылардың болжауынша, алдағы 10 жылда Астанадағы халық саны 2,5 миллионға дейін өсуі мүмкін. Бұл жағдай қаланың инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіруі ықтимал.

Астанадағы LRT жобасы тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетіп, қаладағы көлік кептелісін азайтуға айтарлықтай үлес қосады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Өлең: жүрегім күлмей

redaktor_qazyr

Қазақ болып туғаныма мақтанам

redaktor_qazyr

Сарыағаш ауданында,5 жасар қызды зорлап, өлтіріп кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz