17.3 C
Шымкент
19-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қоғамдық кеңес дұрыс жұмыс істеу үшін оның құрамы 100% қоғам өкілдерінен құралу керек

5-ші «ЕО-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы» БҰҰ агенттіктері мен азаматтық қоғам ұйымдарының 150-ден астам өкілінің басын қосты, деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева елімізде азаматтық қоғам, қоғамдық кеңестің даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Бұл форум бізге керек жиын. Іс-шарада айтылып, талқыланып жатқан мәселелер өте өзекті. Орталық Азияның азаматтық форумы дамитын болса, онда мемлекеттер де мықты болмақ. Сонымен қатар Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның елдері жақсы қарым-қатынаста бола бермек.

Қазақстанда азаматтық қоғамның даму қарқыны өте жоғары. Соңғы жылдары бірталай заңнама өзгертілді. Конституцияға енгізілген өзгерістердің арқасында қазіргі таңда бірталай жақсы заңдар шыға бастады. Оның ішінде қоғамдық кеңес жайлы айтылған. Қоғамдық кеңес дұрыс жұмыс істеу үшін оның құрамы 100% қоғам өкілдерінен құралу керек. Әлі күні бізде 70%-ы қоғам өкілдері ал қалғандары мемлекеттік органдар немесе басқа саладан келген.

Бізде сондай-ақ қоғамдық қабылдау жайлы заң қабылданды. Біздің елімізде қоғамдық қабылдау өте жақсы жолға қойылған. Алыс-жақын елдердің адамдары біздің қоғамдық ұйымдардың жақсы жұмыс істеп жатқанын айтып, бізге қызыға қарап жатады, — деді Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі шықты

admin_qazyr

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Өскеменде оқушыларға гидроэнергетика саласы таныстырылды

admin_qazyr

«Дикий Арманның» әрекеті: Бұрынғы түрме хирургі пікір білдірді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz