Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Оңтүстік Кореяда Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртенді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әуежайда Air Busan әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы өртеніп кетті. Апат кезінде ұшақ бортында 176 адам болған, оның ішінде 169 жолаушы және 7 экипаж мүшесі бар.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Төтенше жағдай ұшақ ұшуға дайындалып жатқан сәтте орын алған. Ұшақтың құйрық бөлігінен басталған өрт бірнеше минут ішінде бүкіл әуе кемесін шарпып үлгерген. Оқиға орнында дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері үрлемелі траптар арқылы эвакуацияланған.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақат алған. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Алайда ұшақ толығымен жанып кеткен.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Әуежай қызметкерлері мен апаттан құтқару тобы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Бұл оқиға Пусан әуежайының уақытша жабылуына әкеліп, бірқатар рейстердің кейінге шегерілуіне себеп болды.

Air Busan әуекомпаниясы жолаушылардың барлығының аман екенін растап, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 70,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

redaktor_qazyr

Kaspi Bank депозит нарығында бәсекелестерінен артта қалды

redaktor_qazyr

«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz