-3.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қырғызстанда той мен жерлеу рәсімдеріндегі артық шығындарға айыппұл салу ұсынылды

Қырғызстанда үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдеріне артық шығын жұмсауға шектеу қою туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Жогорку Кенеш депутаттары Замирбек Мамасадыков пен Шаирбек Ташиев ұсынған «Дәстүрлер мен рәсімдерді өткізу кезінде шығындарды шектеу туралы» және «Құқық бұзушылықтар кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобалары елдегі мәдени дәстүрлерді сақтау және артық шығындарды болдырмауға бағытталған.

Заң жобасының мақсаты – дәстүрлер мен рәсімдерді ұлттық құндылықтарға сәйкес ұйымдастыруға ықпал ету және артық шығындарға жол бермеу. Жаңа заң аясында тойлар, ас беру және басқа да отбасылық шараларды өткізуде шығындардың белгілі бір шегін белгілеу ұсынылып отыр.

Егер жаңа талаптар бұзылған жағдайда:

Жеке тұлғаларға 3000 есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген.

Мейрамханалар сияқты заңды тұлғаларға 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Жерлеу рәсімдері мен ас беруге қатысты артық шығындар үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш айыппұл қарастырылған.

Заң жобасы қазіргі таңда қоғамдық талқылауда. Оның мақұлдануы елдегі дәстүрлерді өткізу мәдениетіне жаңа тәртіп енгізуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Алдағы 3-4 айда үшінші дүниежүзішік соғыс басталып кетуі мүмкін- Дональд Трамп

redaktor_qazyr

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

redaktor_qazyr

Келген қонақты күлімдеп қарсы ал

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz