Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Биыл еліміздің өзен, көлдері цифрландырылып, ақпараттық база жасақталады

Бұл жүйеге Қазақстан аумағында 17 736 өзен мен 2 949 шағын көл, Каспий және Арал теңіздерінің шекарасы, 8 су шаруашылығы бассейні мен 77 су шаруашылығы учаскесі, 377 магистральды канал, 56 тоған, 297 су қоймасы және 548 бөгет цифрландырылып, енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Аталған жұмысқа ведомствоға бағынысты ұйым Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы да тартылып отыр. Мекеме су шаруашылығы саласындағы барлық деректерді жинау және өңдеу, қысқа және ұзақ мерзімді болжам, модельдеу және басқа да жұмыстармен айналысады.

 

Әзірленіп жатқан ақпараттық жүйе су шаруашылығын басқаруды жаңғыртуға, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және болжам жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың ағымдағы жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Жүйенің негізгі міндеті – су ресурстарын пайдалану мен қорғауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде ашықтықты, автоматтандыру және талдауды қамтамасыз ету.

 

«Жүйені енгізу су ресурстарын есепке алу және басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа құруға, оларды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдайдың алдын алу үшін неғұрлым сапалы талдау мен болжам жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда суды есепке алу және су ресурстарының ағымдағы жай-күйін жедел мониторинг жасау үшін модульдерді әзірлеу аяқталуда. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін жүйені сынақтан өткізу және пайдаланушыларды оқыту жоспарлануда», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда адам тәрізді роботтар құрастыратын кәсіпорын іске қосылады

admin_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев Huawei Technologies Co. LTD директорлар кеңесінің төрағасы Хуа Лянді қабылдады

admin_qazyr

Марат Байділдәұлы: Ресей Қазақстанға АЭС салса, бізде АҚШ-тың санкциясына ілініп кетеміз

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz