-3.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпарат

Мобильді аударымдардың шегін өзгерту мәселесі талқылануда

Қазақстанда мобильді аударымдарға жаңа шектеулер енгізу жоспарлануда. Бұл мәселе бойынша қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен қаржы ұйымдары арасында белсенді пікірталастар жүріп жатыр.Бұл туралы Қазір тілшісі хабарлайды.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Сенатта осы мәселені сөз етті.Қазіргі таңда мобильді аударымдардың шекті сомасын бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Егер жеке тұлғаның шотына үш ай ішінде әртүрлі 100 және одан да көп адамнан аударымдар түссе, бұл жағдай салық органдарына хабарланады. Сонымен қатар, егер аударымның жалпы сомасы 255 мың теңгеден асса, бұл қосымша тексеру талап етеді.

2025 жылдан бастап, үш ай қатарынан 100-ден астам адамнан төлем түскен азаматтардың шоттары бақылауға алынады. Бұл шара салық төлеуден жалтарудың алдын алып, қаржылық айқындықты қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Жаңа шектеулер тек кәсіпкерлік мақсаттағы кірістерді бақылауға бағытталған. Жеке адамдардың күнделікті пайдаланатын мобильді аударымдарына әсер етпейді. Дегенмен, бұл шаралар салық органдарына азаматтардың қаржылық жағдайын бақылап, қажет болған жағдайда салықты төлеуді қамтамасыз ету мүмкіндігін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

2024 жылдың қаңтарынан бастап 17 жастағы ер-азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады

redaktor_qazyr

Қазақстанда 30 сәуірден бастап ЭЦҚ өзгертіледі

redaktor_qazyr

Ақтөбе облысында су тасқыны болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz