-3.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

СІМ: АҚШ-тан 369 қазақстандықты депортациялауы ескі ақпарат екенін мәлімдеді

СІМ: АҚШ-тан 369 қазақстандықты депортациялауы ескі ақпарат екенін мәлімдеді,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Соңғы күндері Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде АҚШ-тан 369 қазақстандық азаматты депортациялау туралы ақпарат тарады. Алайда, бұл мәліметтің ескіргені және қазіргі АҚШ-тың көші-қон саясатына қатысы жоқ екені анықталды.

Қазақстанның СІМ таратылған ақпараттың Fox News телеарнасы 2024 жылдың 11 желтоқсанында жариялаған жаңалығына негізделгенін және қазіргі АҚШ билігінің миграциялық саясатына ешқандай қатысы жоқ екенін нақтылады.

«Бұл мәлімет АҚШ-тың жаңа миграциялық саясатына қатысы жоқ. Ақпаратты таратпас бұрын оның шынайылығын мұқият тексеруді ұсынамыз,» – делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.

Бұған дейін Дональд Трамптың миграциялық саясаты аясында АҚШ-та мыңдаған заңсыз мигрант депортацияланатыны, олардың қатарында 369 қазақстандық бар екені туралы хабар тараған еді. Бұл жаңалық әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланған болатын.

Алайда, СІМ бұл ақпараттың жаңартылмаған мәліметтерге негізделгенін атап өтті және азаматтарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Бұл жағдай халықтың ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруінің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Сарапшылар жалған немесе ескірген мәліметтердің таралуы қоғамда түсінбеушілік туғызуы мүмкін екенін айтып, азаматтарды тек сенімді ақпарат көздеріне жүгінуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Адамның күні адаммен

redaktor_qazyr

Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы болып Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды

redaktor_qazyr

Алматы облысында интернет-алаяқтар қолға түсті

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz