-1.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Көктемгі су тасқыны: қауіп сейілген жоқ

Қазақстанның 1223 елді мекенін көктемде  еріген қар суы  әбігерге салуы мүмкін. Былтырғыдай өзендер арнасынан шығып ауылдарды сел басу қаупі бар. Айтып келмейтін табиғи апатқа дайындығымыз қандай деңгейде? Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов хабарлады.

ТЖМ су басу қаупі бар елді мекендердін инфрақұрылымын ықтимал су тасқынына дайындау үшін жергілікті билік органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара бірігіп әрекет етеді.

«Мысалы, елді мекендерді қорғау үшін 576 км қорғаныс бөгеттері мен қорғандары тұрғызылып, нығайтылды. 164 км дренаждық жүйе жөнделіп, салынды, автомобиль және темір жолдардың астына 960 су өткізу құрылымы орнатылды және ауыстырылды, 658 км каналдар мен арықтар орнатылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде үш жүз шақырымнан астам тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Елді мекендердің ішінде нөсер және дренаж жүйелерінің құрылысы мен жөндеуі жүргізіліп жатыр.

Министрлік жанынан осы жұмысты бақылайтын төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды. Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы ашылды, оның ішінде TASQYN су тасқынын болжау мен модельдеудің жаңа жүйесімен жұмыс істейтін болады. Бұл жүйе ұзақ және қысқа мерзімге су ағыны мен өзен деңгейінің болжамын бере алады» , – деді Шыңғыс Әрінов.

Ұқсас жаңалықтар

«Конституция күні» мерекесіне орай Түркістан облысының 180-нен астам полицейі марапатталды

redaktor_qazyr

Қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеуге арналған инновациялық препарат жасап, оны тіркеуге дайындық жүргізуде

redaktor_qazyr

Шымкентте жалдамалы пәтерде үндістандық студенттердің мәйіті табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz