Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қазақстан мен Иран өзара сауда-экономикалық әріптестікті дамытады

Бүгін Алматыда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев  Иранның өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының басшысы Мохаммад Али Дехган Дехнавимен кездесті деп хабарлайды Qazyr.kz.

Кездесуде екі ел арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту мәселесі талқыланды. Иран Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 296 миллион долларды құрады. Қазақстаннан Иранға экспорт көлемі 29,1%-ға өсіп, 100,6 миллион  долларға жетті. Қазақстан Иранға негізінен бидай, арпа, рапс,жүгері сынды дәнді дақылдар және  қой мен сиыр етін сатады.

«Біз Иранмен тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыру мүмкіндігін көріп отырмыз. Иран нарығына жеткізу үшін 162 миллион доллар сомасына астық, күнбағыс майы, ет өнімдері және басқа да тауарларды қоса алғанда, 60-тан астам тауар позициясын ұсынуға дайынбыз», — деп атап өтті министр Арман Шаққалиев.

Екі елдің сауда қатынастарын нығайту мақсатында алда өтетін сауда-экономикалық миссия, сондай-ақ 2025 жылдың ақпанында Тегеранда жоспарланған бизнес-форум маңызды рөл ойнамақ. Миссияның мақсаты — елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту, қазақстандық өндірушілер мен ирандық сатып алушылар арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту болып табылады. Оған қоса сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға ықпал ете отырып, екі елдің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде су құбыры жарылып, жүздеген тұрғын сусыз қалды

redaktor_qazyr

Президент «Референдум қорытындысы бойынша халқымыз АЭС салуды қолдаса, оның құрылысын қай ел жүргізеді?» деген сұраққа жауап берді

redaktor_qazyr

Трамп Қытай төрағасынан Украинадағы соғысты шешуге көмектесуді сұрады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz