Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Сотталған Дикий Арман колонияда өзіне жарақат салды

Сотталған Дикий Арман колонияда өзіне жарақат салды,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қаңтар оқиғасына байланысты 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) қамауда отырған мекемеде өз-өзіне жарақат салды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

ҚАЖК мәліметінше, сотталушы білегін кесіп, өзіне жеңіл жарақаттар келтірген. Оған дереу медициналық көмек көрсетілген, қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Жұмагелдиев ерекше бақылауға алынып, мекеме психологтары онымен алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды.

Айта кетейік,Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, атыс қаруын ұрлады және 24 адамды заңсыз бас бостандығынан айырды деген айыптармен 20 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында блогер бопсалау күдігімен ұсталды

admin_qazyr

«Қарасора–2025»: Транспорттық полиция ірі есірткі арнасын әшкереледі

admin_qazyr

Полиция бастамасымен өткізілген сенбілік: табиғат тазалығы – ортақ міндет

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz