Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шымкентте жоғалған жігіттің мәйіті табылды: Ағасы інісінің өзіне қол салғанына сенбейді

Шымкентте жоғалған жігіттің мәйіті табылды.Бәйдібектің ағасы,марқұмның өзіне қол салғанына сенбейтінін айтты,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Шымкентте 14 қаңтар күні жоғалып кеткен Бәйдібек Еділбектің мәйіті табылды. Марқұмның денесі Төлеметов көшесінде сөмкесінің бауына асылған күйде жатқан. Алайда оның ағасы інісінің өзіне қол салғанына күмән келтіреді.

Марқұмның ағасының айтуынша, бауыры 20 күн бойы сол жерде асулы тұрмаған. Егер ұзақ уақыт асылып тұрса, мәйітте шіру белгілері анық байқалуы керек еді.

«Меніңше, ол 20 күн бұрын емес, кейінірек қайтыс болған. Оның үстіне, сөмке бауы мұндай салмақты көтере алмайды. Бұл қолдан жасалған нәрсе деп ойлаймын», – дейді ол.

Қазір марқұмның денесі сараптамада, отбасы нақты қорытындыны күтіп отыр.

Айта кетейік,Бәйдібек Еділбек 14 қаңтарда Түркістан облысы, Шұбарсу ауылынан Шымкентке көлік айдауға рұқсат құжаттарын алу үшін келген. Ол қалаға досымен бірге жетіп, кейін оны әуежайға шығарып салған. Соңғы рет әкесімен байланысқа шыққанда «ауылға қарай таксиге отырдым» деп хабарлаған. Осыдан кейін оның телефоны өшіп, туыстары байланыса алмаған.

Жігіттің туыстары полицияның оны іздеуді тек соңғы екі-үш күнде ғана күшейткенін айтады. Қазір тергеу жүріп жатыр, марқұмның өліміне қатысты толық мәлімет сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Ұқсас жаңалықтар

Жанарбек Әшімжан: «Қазір мұғалімдер балалардан қорқады»

redaktor_qazyr

Тауар айналымы 3,2 трлн, теңге жеткен шетелдік маркетплейстер Қазақстанда заңнамалық, салықтық тіркелуге міндеттеледі

redaktor_qazyr

Түркістан облысында жаңа су қоймасы салынып жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz