Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шымкенттегі “Қиял әлемі” саябағы сүрілуі мүмкін

Шымкент қаласындағы бәрімізге бала кезімізден танымал “Қиял әлемі” ойын-сауық саябағы сүрілетін болды. Сот нысанды заңсыз деп танып, оны мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Бастапқыда кәсіпкер бұл аумаққа балаларға арналған орталық салуға уәде берген. Алайда кейіннен ол жерде аттракциондар орнатылып, ойын-сауық саябағына айналған. Жер телімін пайдалану мақсаты өзгергенімен, тиісті рұқсаттар алынбаған. Осыған байланысты сот шешімімен кәсіпкер саябақты өз қаражатына бұзып, жерді мемлекетке қайтаруға міндеттелді.

Бұл саябақта бірнеше рет адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғалар тіркелген. Оқиғалардың бірінде екі студент, ал екінші жағдайда тағы бір адам қаза тапқан. Бұл жағдайлар да сот шешіміне әсер етті.

Жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін, оның орнына қандай нысан салынатыны әзірге белгісіз. Қалалық билік бұл аумақты халық игілігіне пайдалану мәселесін қарастырып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда «Жұмысшы мамандықтар: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты форум өтті

admin_qazyr

Бағы ашылмаған агро кәсіпкерлік: фермерлер нарық алаңынан күресінге кетіп жатыр

admin_qazyr

Биыл еліміздің өзен, көлдері цифрландырылып, ақпараттық база жасақталады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz