17.3 C
Шымкент
19-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Үкімет атом энергетикасын дамыту мәселелері бойынша сала мамандарымен кеңес өткізді

Еліміздің атом энергетикасын дамыту және 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі мәселелері жөнінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен жиын өтті деп хабарлайды Qazyr.kz. ақпараттық порталы Primeminister.kz. сайтына сілтеме жасап.

Үкімет отырысында Мемлекет басшысының  энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралып,  электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажетті резервтер құру жөніндегі міндеттері талқыланды.

Сонымен қатар, 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі тыңдалды. Электр энергиясын тұтынудың ұдайы өсуіне байланысты жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту арқылы 2035 жылға дейін 26,5 ГВт деңгейінде жаңа генерациясы бар қуаттар құрылымын іске қосу алғы-шарттары  қарастырылды.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздер туралы, алда жүзеген асатын ауқымды жобалар жайында сөз қозғады.

Сондай-ақ атом ғылымын, сала мамандарын даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын дамытудың келешегін талқылады. «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС басшысы Т. Жантикин, Ұлттық ядролық орталығының басшысы Э. Батырбеков, Ядролық физика институтының басшысы С. Сахиев өздерінің сараптамалық көзқарастарымен бөлісті.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Таңертең үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен»  Шымкентте тағы бір 16 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

redaktor_qazyr

Сарыағаштық тұрғындар 5 жасар қызды әжетханаға тастаған көршісін ауыл маңынан көргісі келмейді

redaktor_qazyr

«Дымқыл майлықпен жауып қойған» Түркістан облысында нөмірін жасырып жүрген жүргізушілерге шара қолданылуда

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz