Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Заманауи ауыл шаруашылығы: ветеринариялық-санитариялық сараптама цифрландырылады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің төрағалығымен ҚР АШМ-де өңірлердегі мал шаруашылығы хал-ахуалы, саладаға жүзеге асып жатқан жаңа бастамалар мен  ветеринариялық-санитариялық сараптама мәселелерін талқылаған жиын өтті, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жиынға Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің, облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшылары қатысты.

Кеңестің негізгі тақырыптары өңірлердегі қыстау барысы, мал азығын дайындау мәселелері, жем-шөп қорын жасақтау  жөніндегі Жол картасын өзектендіру, төрт түлік ветеринариясын  цифрландыру және сараптау талқыланды.

«Қысқы қорада мал ұстау  дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштерін орындау қамтамасыз етіледі. Кейбір өңірлерде табиғи-климаттық жағдай қолайсыз болып тұр. Осындай кезеңде басты міндетіміз – мал басының азаюына жол бермеу», – деді вице-министр.

Мал шаруашылығы департаментінің директоры міндетін атқарушы Бағлан Аймырзаевтың айтуынша, әкімдіктердің мәліметіне сәйкес, барлық өңірлер шөп, сүрлем, пішендеме, сабан және құрама жеммен толық қамтамасыз етілген, жем-шөп қорының қалған көлемі 65%-ды құрайды. Бұл мал басының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Тәшімов ауыл шаруашылығы жануарларын карантинде ұстау, экспортқа шығаруды бақылау үшін жаңа функционалды енгізу шаралары туралы баяндады.

2024 жылы өңірлерде 220-дан астам мал қорымы, ветеринариялық және сою пункттері салынды, 8 инсинератор сатып алынды.

Қазіргі уақытта «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модулі барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда пилоттық режимде іске асырылып жатыр, ал 2025 жылғы наурыздың соңында толық көлемде іске қосылады.

Жиын қорытындысы бойынша Аманғали Бердалин жергілікті атқарушы органдарға қыстауды ұйымдастыру және аурулардың алдын алу бойынша  түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, ауа райының қолайсыздығы жағдайында жылқыларды мұз қатқан жерлерден жем-шөпке қолжетімді жайылымдарға айдауды ұйымдастыруды, сондай-ақ мал шаруашылығының индикативтік көрсеткіштерін орындауды және жалпы өнім көлемін екі есе арттыру жөніндегі Жол картасы аясында жұмыстарды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: Қылмысқа қатысушыларға сот үкімі шықты

redaktor_qazyr

Трамп Канада, Мексика және Қытай импортына баж салығын енгізді

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz