Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Астана халықаралық форумын өткізуге 4,5 миллиард теңге бөлінеді

Қазақстанда Астана халықаралық форумын ұйымдастыруға 4,5 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

«Бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінеді»

Министрдің айтуынша, форумды өткізуге қажетті қаржының бір бөлігі мемлекет есебінен, ал қалғаны демеушілер тарапынан қамтамасыз етіледі.

«Форумды өткізуге жалпы 4,5 миллиард теңге жетеді. Оның 1,5 миллиарды қазынадан, қалғаны демеушілер тарапынан тартылады,» – деді Жұманғарин.

Былтырғы форум өтпей қалған еді

Еске салсақ, 2024 жылы бұл форум елдегі су тасқынына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Айта кетейік, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет шығындарын оңтайландыру мәселесін көтеріп, «көрпеге қарап көсілейік» деген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Иводзима үшін шайқас

redaktor_qazyr

2024-2025 жылғы оқушылардың оқу және демалыс уақыты бекітілді

redaktor_qazyr

Азия кубогында жарқыраған жеңіс: Қазақстандық юниорлар триатлонда топ жарды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz